Ағымдағы жылдың 18 ақпан күні А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия базасында «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында мектепішілік пікірсайыс өтті. Іс-шараның басты мақсаты — білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрмет сезімін қалыптастыру және өз ойын дәлелді әрі мәдениетті жеткізу дағдыларын дамыту болды.
Пікірсайыс барысында қатысушылар қоғамдағы заң мен тәртіптің маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша өз көзқарастарын білдірді. Оқушылар өзара пікір алмасып, аргументтер келтіріп, қарсы тараптың ойына сыни тұрғыдан баға беріп, шешендік қабілеттерін көрсетті.
Шара қорытындысында белсенділік танытқан қатысушылар марапатталып, пікірсайыс оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және заң үстемдігін түсінуге оң ықпал ететіні атап өтілді.