Жемқорлықпен күреске бүкіл қоғамды жұмылдыру керек

0 8

Тың бастамаларға тұсау болып, елдің эко­но­микалық дамуына кері әсер ететін қо­ғам­ның өзекті мәселесінің бірі – сы­байлас жемқорлық. Қоғамдағы осы кесел­дің көріністері мен туындау себеп -сал­дарын жоймай, оны азайту мүмкін емес. Бұл ретте заңнамалық реформалар мен мемле­кеттік органдардың реформалары жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылдың 2 ақпанындағы №802 жарлығымен «Қазақс­тан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы» бекітіл­ді. Онда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу­ға бағытталған тіректі ұғымдар айқындалған.
Президент өз сөзінде: «Жемқорлықпен күреске бүкіл қоғамды жұмылдыру керек. «Жемқорлық – індет, онымен күресу – мін­дет» деген қағиданы жұрт санасына ор­нық­­тыру – барлық мемлекеттік органның ортақ жұмысы. Бұған бір реттік науқан ретін­де қарамау керек», – деп атап өткен болатын.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл­ды заман талабының әдістерін қолда­ну арқылы күшейту – баршамызға ортақ міндет. Сыбайлас жемқорлықтан берік иммунитеті бар азаматтардың жаңа буынын қалыптастыру – әрбір азаматтың ең алдымен ар алдындағы жауапкершілігі. Жалпы сыбайлас жемқор­лыққа қарсы кез — келген шараға бей-жай қарауға болмайды. Өйткені, біз оған қарсы шараларды ұйымдастыру арқылы қоғамның иммунитетін қалыптастыруға қол жеткіземіз.
Елімізде мемлекеттік қызметкерлер заңнан аттамайтын, халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын шаралар мен сапалы түсіндіру жұмыстарын жиі ұйымдастырған жөн. Тұрғындар өз құқығын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда нендей іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Себебі, өзінің конститу­циялық құқығын дұрыс білмейтін адам қиын­дық­тар­ды шешу жолдарын да білмейтіні анық.
Жалпы, жеке адамның құқығы, мүмкіндігі мен жауапкершілігі – жастайынан санасына құйылғаны абзал. Бұл өсе келе жақсы мен жаманды ажыратып, заңсыз іс-әрекетке жол бермеуіне сеп болады. Өйткені, тал бесіктен берілген білім әрбір саналы адамға өмірлік бағдар болары һақ.
Қорыта айтқанда, сыбайлас жемқор­лық­сыз, Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қа­зақстандық Мемлекет басшысы айт­қан «Адал адам» ұғымына сай болу керек. Ал, адал азамат дегеніміз – жақсы қасиет­терге ие, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін жан. Адал­дық пен әділдікті бәрінен биік қойып, жаңа құн­дылықтар орныққанда ғана мінсіз қоғам орнамақ! Бұл межеге жетуміз үшін жемқорлықпен күреске бүкіл қоғам болып жұмылуымыз керек.

Нұрбол Жүнісбеков,
Талас ауданының әкімі.