Біліктілікті арттыру курсы өткізілді

0 14

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 Жарлығымен 2024 жылдың 6 қазанына республикалық референдумды өткізу тағайын­далуына орай, Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастырумен аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арнал­ған семинар-тренинг өткізілуде.
«Республикалық референдумды даярлау мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері» тақырыбында комиссия мүшелерінің кәсіби біліктілігі мен құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған оқыту семинары Қаратау қаласындағы балалар өнер мектебінде ұйымдастырылды. Семинар-тренингке Талас ауданы бойынша аумақтық референдум комиссиясының мүшелері мен учаскелік референдум комиссияларының толық құрамы, сондай-ақ жергілікті атқарушы орган­ның референдум процесіне қатысты өкілдері, тиіс­ті бөлім басшылары мен бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкілдері қатысты.
Семинар-тренингтің мақсаты – Республикалық референдум туралы заңнамадағы жаңашылдықтар туралы, сайлау заңнамасының негіздерін және оны сайлау процесінде қолдану практи­касын түсіндіру және референдумды ұйымдасты­рушылардың кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыру болып табылады.
Оқу-семинарын Жам­был облыстық аумақ­тық референдум комиссия­сы төрағасының орынбаса­ры Т.Жамалов ашып, қатысу­шыларды семинардың бағдарламасымен таныстыр­ды. Оқу-семинарының жоспарының негізінде Т.Жамалов республикалық референдумды өткiзудiң принциптерiне тоқталса, облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері саяси науқанды әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі жұмыстар мен дауыс беру тәртібі жөнінде дәрістер оқыды. Сонымен қатар, семинарда баяндама жасаған аудандық аумақтық референдум комис­­сиясының төрағасы Е.Мамадияров учаскелік референдум комис­сия мүше­лерінің күнтізбелік жоспар­да көрсетілген барлық іс-шара­ларды белгіленген мерзімдерге сәйкес жүргі­зілуін қамтамасыз етіп, қолданыс­тағы заңнаманы қатаң сақтауға тиіс екенін атап өтті. Оқыту барысында учаскелік референдум комис­сия­ларының мүшелері дәріс­­керлерге науқанда орын алатын жағдайлар бойын­ша бірқатар сұрақтар қойып, кейстік тапсырмалар талқы­ланды.
Учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінен оқытуға кіргенде және оқыту­дың қорытындысы бойынша тест алынып, сертификаттар табысталды.
Серік Қуанышбаев,
Талас аудандық аумақтық референдум комиссиясының хатшысы.