Біздің қоғамда бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналарға құрмет ерекше саналады. Мемлекеттік саясаттың өзі аналарға деген қамқорлықтың аясын барынша кеңейтіп келеді. «Жұмақ-ананың табанының астында»,- деген тәмсіл де тектен-текке айтылмаса керек.
Мереке қарсаңында аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков алтын және күміс алқаларды тапсыру үшін 16 көпбалалы ананы қабылдады. Оның ішінде 5 ана «Алтын алқа» иесі атанды. Олар: Қаратау қаласынан Бағила Баянбопова, Гүлсім Дженбаева, Меруерт Кипралиева, Кеңес ауылдық округінен Назипа Жұмағұлова және Ақкөл ауылынан Ардақ Жанғазина. Ал,11 анаға «Күміс алқа» табыс етілді.
Жылы жүзді жүздесу барысында Нұрбол Әбдімәжитұлы аяулы аналарға лебізін білдіріп, жоғары атақтарымен құттықтады.
— Аталарымыз «алып-анадан туады»,- дегенді текке айтпаса керек. Сіздер еліміздің ертеңі саналатын ұрпаққа өмір сыйлап отырсыздар. Бүгінгі жас буын ел болашағы саналады,-деген аудан әкімі олардың отбасына амандық тілеп, сый-сияпат көрсетті.
Өз кезегінде аналар қауымы да шырайлы шара ұйымдастырып, құттықтауын жеткізген аудан басшысына ризашылықтарын білдірді.
Серік ТӘЖІБАЕВ,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы.
Алдыңғы жазба
Келесі жазба