Аурудың атауы инфекцияны қоздыратын микробтан шыққан және ол микроб Clostridiumbotullini деп аталады. Ботулизм – өлімге әкеліп соғуы мүмкін токсикоинфекция. Ботулизмнің клостридий микробы – көптеген жануарлардың ішегінде және топырақта болады, ол топыраққа нәжіспен бірге түседі және онда көптеген жылдар бойы өмір сүре алады. Ауасыз жерде, мәселен консервіленген өнімдерде болған кезде микроб ботулотоксин уын бөліп шығарады, ол ысылдағыш улы жыланның уынан 400 мың есе күштірек. Егер адам ботулотоксині бар тағамды жесе, онда у науқастың барлық организмінде бұлшық еттің салдығын тудырады.
Көп жағдайда ботулизмнің себебі үйде дайындалған консервіленген саңырауқұлақ, баялды, бұрыш себепкер болып табылады. Алайда ботулотоксин кез-келген консервіленген етте, көкөністе, балықта болады. Сондай-ақ, ботулизмді консервіленген тағамдардан, дәмдеуіштерден жұқтыруға болады. Сонымен қатар, бастыпқыда дұрыс жуылмаған, сапасыз термиялық өңделген барлық консервіленген тағамдар қауіпті екенін түсіну керек. Үйде дайындалғандарға қарағанда, өнеркәсіптік өндірілген консервілерден ботулизмді жұқтыру өте сирек кездеседі. Алайда ол да улы болуы мүмкін.
Жұқтырып алмаудың
қандай жолы бар?
Ботулизмдегі ең келеңсіз жағдайы сіз тағамның сыртқы түріне қарап бүлінген емес пе дегенді анықтай алмайсыз. Сондай-ақ, ботулизмге қарсы екпелер жоқ және иммунитет дамымайды. Сондықтан ұсыныс тек біреу ғана: консервілерді дайындау барысында және жеген кезде сақ болу керек.
Үй жағдайында консервілерді дайындаған кезде термиялық өңдеусіз Clostridiumbotulinum-ді жоя алмайтындығыңызды есте сақтау керек. Ешбір жағдайда үрленген (қампайған) консервілерді жемеңіз. Егер олардың қақпағы қампайып тұрса, яғни оларды консервілеу процесі бұзылған. Бәлкім консервілер қажетті деңгейде термиялық өңделмеген болуы мүмкін. Мұндай өнімдерден улану деңгейі өте жоғары. Қақпақтың қампаюы консервіде ботулотоксиннің болуы нышанының бірі екендігін міндетті түрде есте сақтаңыз.
Ботулизмді қалай
анықтауға болады?
Ботулизм өзі туралы өте тез білдіртеді. Ауру белгісі 2-24 сағат ішінде өрши бастайды, адамның іші өтеді, лоқсып құсады, шамалы температурасы көтеріледі, іші ауыра бастайды. Ботулизмнің ерекшелік көріністері көздің көруінің бұзылуы, көз бұлшықеттерінің реакциясынан заттың қосарланып көрінуі басталады, қыли көзділік дами бастайды. Содан кейін сөйлеудің бұзылуы, әлсіздік, ауызда құрғақтық, жұтынудың бұзылуы, дауыстың өзгеруі қосылады. Жоғарыда айтылғандардан бөлек, ботулизмнің ең маңызды белгісі дене қызуының шамалы көтерілуі және қалтыраудың жоқтығы болып табылады. Егер осы белгілер байқалса, онда бірден жедел жәрдем шақыру керек.
Сауда-саттық жүргізуге арналмаған орындардан, тексерілмеген адамдардан қандай-да бір тағам сатып алар алдында ойланып көріңіз, қайсысы маңызды: бір сәттілік рахат па немесе өз денсаулығыңыз ба.
Ең бастысы есіңізде сақтаңыз денсаулық – бұл адамның ең қымбат құндылығы. Сондықтан өнім таңдауда барынша сауатты болған дұрыс!
Г.Маханова,
Талас аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы.
Алдыңғы жазба