«Tt» — ақпарат».
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыған орай Талас ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының ұйымдастыруымен балалар өнер мектебінің ауласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Шараның негізгі мақсаты-жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру, сонымен қатар қала аумағындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға ықпал ету, еңбек нарығындағы жағдаймен таныстыру болып табылады.
«Enbek. Kz» порталында шалғай орналасқан ауылдардағы білім беру мекемелерінде «Математика пәні мұғалімі», «Химия пәні мұғалімі», «Ағылшын тілі мұғалімі» және тағы басқа мамандықтарға бос жұмыс орындарына конкурстар берілген. Ауыл тұрғындары арасынан аталған мамандық иелерінің болмауына байланысты «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жауапты мамандардан кеңес алуға болады. Бұл туралы бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Ұлан Сәрсенбек айтып берді.
Шара барысында қала көлемінде тұрақты жұмысқа 27 мекемеден 57, ал ауылдық округтер бойынша 23 мекемеден 56 бос жұмыс орны ұсынылды.
Жәрмеңкеге 53 адам қатысып, бос жұмыс орындарына өтініш білдіріп, кеңес алды.
Алдыңғы жазба