Партиялық жұмысты жандандырудағы басты мәселелер талқыланды

0 4

«Әділет» партиясы Талас аудандық филиалы жанындағы бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен әлеуметтік желілердің партиялық жұмысты жандандырудағы рөлі мен маңызы тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында әлеуметтік желілер арқылы партияның атқарып жатқан жұмыстары мен бастамаларын халыққа кеңінен жеткізу, тұрғындармен кері байланысты күшейту және қоғамдық мәселелерді жедел көтеру бағыттары талқыланды.

Сонымен қатар, БПҰ мүшелерінің әлеуметтік желілердегі белсенділігін арттыру, ақпаратты сауатты әрі сапалы жариялау және партиялық жобаларды кеңінен насихаттау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында «Әділет» партиясы Талас аудандық филиалының төрағасы Ғалым Қартабаев аталмыш бағытта партиялық жұмысты жандандыру үшін  халықпен, аудан тұрғындарымен ашық байланыс орнатып, партия жұмысының нәтижесін қоғамға тиімді жеткізудің маңыздылығын атап өтті.