Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бұл өзгеріс 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мәлімдеді.
Мемлекет басшысының айтуынша, ең төменгі жалақыны көтеру 1,8 миллион азаматтың табысына оң әсер етеді. Олардың қатарында бюджет саласында еңбек ететін 370 мыңнан астам қызметкер бар.
Ең төменгі жалақының 25 мың теңгеге өсуі – азаматтардың табысын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Бұл, әсіресе, күнделікті тұрмыс шығындарын өтеуде еңбекақыға тәуелді азаматтар үшін өзекті.
Жолдауда халықтың әл-ауқатын жақсарту тек жалақыны көтерумен шектелмейтіні де атап өтілді. Президент инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа әлеуметтік нысандар салу және елді мекендерді газбен, таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға басымдық берді.
Осылайша, алдағы кезеңде қолға алынатын бастамалар азаматтардың табысын арттырумен