Қазақстанда 237 мыңнан астам бала инклюзивті білім беруді қажет етеді

0 5

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне ерекше назар аударды. Президент ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы жағдай жасау және осы бағыттағы инфрақұрылымды дамыту қажеттігін атап өтті.

Қазіргі таңда Қазақстанда инклюзивті білім алуға тиіс 237 мыңнан астам бала бар. Осыған байланысты Үкіметке жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, арнайы білім беру инфрақұрылымын дамыту тапсырылды.

Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың диагнозын ерте жастан анықтау және маман тапшылығын азайту мәселесіне басымдық берілмек. Бұл жұмыстарға «Қазақстан халқына» қорының да белсенді атсалысуы ұсынылды.

Жолдауда келесі жылы жүзеге асырылатын ауқымды құрылыс жұмыстары аясында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтарын салу мәселесі де көтерілді.

Аталған шаралар балалардың сапалы білім алуына, қажетті қолдау мен оңалту қызметтеріне қолжетімділігін арттыруға бағытталған.