Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары пысықталды

0 49

Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбековтің төрағалығымен Құрылтай депутаттарының 2026 жылғы 23 тамызда өтетін сайлауына дайындық мәселелері бойынша аудандық үйлестіру тобының отырысы өтті.

Жиын барысында сайлау науқанын ұйымдастыру жұмыстарының барысы, сайлау учаскелерінің дайындық деңгейі, ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, заңдылықтың сақталуы және жауапты мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл мәселелері жан-жақты қаралды.
Сондай-ақ сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстарын күшейту, сайлау күні қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, байланыс және коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын ұйымдастыру бағытындағы міндеттер нақтыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге сайлау науқанына дайындық жұмыстарын белгіленген жоспарға сәйкес сапалы әрі уақытылы орындау, барлық ұйымдастырушылық мәселелерді үйлестіру және өзара іс-қимылды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Құрылтай депутаттарының сайлауын жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізу – жауапты мемлекеттік органдардың ортақ міндеті. Осы бағыттағы жұмыстар аудан көлемінде тұрақты бақылауда болады.