Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аккредиттеген халықаралық ұйымдардың байқаушыларымен кездесу өтті.
Кездесу барысында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Мамадияров сайлауды ұйымдастыру мен өткізу, ақпараттық сүйемелдеу мен сайлау учаскелерінің дайындығы бойынша ақпарат берді. Сонымен қатар дауыс беру күні сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілгендігін жеткізді.
Кездесуде байқаушылар сайлаудың халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына сәйкес ұйымдастырылуы жөнінде пікір алмасты. Байқаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, аудандық сайлау комиссиясының мүшелерінен толық жауап алды.
Өз кезегінде шетелдік қонақтар Құрылтай депутаттарының сайлауы науқанын жоғары кәсіби деңгейде өткізуге сәттілік тілеп, дауыс беру процесін байқау жүргізуге қажетті жағдайлар жасағаны үшін алғыстарын білдірді.
Талас аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы С.Қуанышбаев