Спорт апталығы: жүздеген астаналық Олимпиада чемпиондарымен бірге таңын 10 мың қадамнан бастады

0 4

Жол бойында спортшылар қатысушылармен әңгімелесіп, естелік суретке түсіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Көптеген астаналық үшін күнді атақты спортшылармен бірге бастау дене белсенділігіне көбірек көңіл бөлуге қосымша мотивация болды.

Бүгінде бұқаралық спортты дамытуға және халықты салауатты өмір салтына тартуға ерекше мән берілуде. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, спорт біртіндеп қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналып келеді.

Министр нақты көрсеткіштерді де атап өтті. Қазіргі таңда еліміз халқының 44 пайыздан астамы дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде айналысады. Балалар мен жасөспірімдер арасында бұл көрсеткіш 34 пайыздан асады.