Қазақстанда инклюзивті білім беру инфрақұрылымын дамытуға басымдық беріледі

0 6

Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы орта қалыптастыру және инклюзивті білім беру инфрақұрылымын дамыту мәселесі өзекті болып отыр.

Мемлекет басшысы Жолдауда бүгінде елімізде инклюзивті білім алуға тиіс 237 мыңнан астам бала бар екенін атап өтті. Осыған байланысты Үкімет пен әкімдіктерге аталған бағыттағы инфрақұрылымды дамыту міндеті жүктелді.

Сонымен қатар, жаңа құрылыс жобаларын жүзеге асыру кезінде инклюзивті білім беру қажеттіліктерін ескеріп, бұл бағытты назардан тыс қалдырмау керектігі айтылды.

Инклюзивті ортаны дамыту әр баланың білім алу мүмкіндігін кеңейтіп, білім беру ұйымдарында қолжетімді әрі қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған.