Мұғалімдердің негізгі міндеті – оқушыларға сапалы білім беру және саналы ұрпақ тәрбиелеу. Осыған байланысты педагогтердің жұмысын жеңілдетіп, оқу процесіне кедергі келтіретін артық міндеттерді қысқарту қажеттігі айтылды.
Мемлекет басшысы Жолдауда білім беру саласындағы цифрлық жүйелер мен түрлі платформалар арқылы жүктелетін есептердің мұғалімдерге қосымша ауыртпалық түсіріп отырғанын атап өтті. Бұрын қағазбастылық көп болса, қазір оның орнына цифрлық есептілік көбейген.
Сонымен қатар, мектептерде мұғалімдерге дөрекі сөйлеу және күш көрсету жағдайларына жол бермеу, олардың абыройы мен құқығын қорғау мәселесіне назар аударылды. Мұндай жағдайда мектеп әкімшілігі педагогті қолдауы керек екені айтылды.
Білім беру жүйесіндегі өзгерістер ең алдымен мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге, оның кәсіби міндетін тиімді орындауына жағдай жасауға бағытталуы тиіс.