Қос нысан қатар берілді

0 3

«Тt» — ақпарат».

«Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында 800 орынға арналған Үшарал мәдениет үйіне қайта жаңғырту жұмыстары жүгізіліп, ел игілігіне ұсынылды. Тиісті жұмыстарға жауапты «Компания Сырым Блеке» ЖШС-нің белгіленген мерзім ішінде құрылыс жұмыстары толықтай аяқтап шықты. Ғимарат ішінде көрермен залы, кітапхана, мәдени үйрімелер бар.

Жаңарып, заманауи келбетке ие болған мәдениет ошағының ашы­лу салтанатына аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков қатысып, ауыл тұр­ғындарының қуанышына ортақтасты.
— Мәдениет ұлттық болмыстың өзе­гі ретінде саналады. Осы мәдениет үйінің сахнасында елге белгілі талант иелері өнер көрсетті. Қаншама жас осы ауылдан түлеп, елге танылды. Қай­та жаңғыртудан өтіп, халыққа ұсыны­лып отырған мәдениет нысаны әлі та­лай буынға тағылым беріп, талантын ашсын, — деп жылы лебізін білдірген Нұрбол Әбдімәжитұлы құрылыс жұ­мыстарының сапасымен танысты.
«Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында дәл осындай құрылыс жұмыстары Ойық ауылындағы мәдениет үйіне де жүргізілді. Жаңарып, заманауи үлгіде қайта ұсынылған мәдениет үйінің ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шараға аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков, аудандық мәсли­хаттың төрағасы Кадірбек Садубаев қатысып, ақ тілегін білдірді.
Ауыл тұрғындарына ортақ қуа­нышты бөлісуге келген белгілі ком­позитор, жерлесіміз Сәрсенбек Бәкір және «Талас» триосы өнер көрсе­­тіп, көпшіліктің көңілдерін қанаттандырды.
Сонымен қатар, еңбек ардагер­лері Әбілхан Базилов, Доқторбек Сатыбалдиев атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдірсе, мәдениет үйінен құрылған «Халық театрында» талай жыл жұмыс жасап, зейнет демалысына шыққан, қазір жасы 83-ке келген Науат Бейсенбиева алғысын айтып, ән орындап берді.
Мұнан соң Нұрбол Әбдімәжитұлы көрермен залын, вокал кабине­тін, цифрландырылған ақпарат­тық орталықты аралап, құрылыс жұмыстарының сапасына назар аударды.