«Тt» — ақпарат».
«Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында 800 орынға арналған Үшарал мәдениет үйіне қайта жаңғырту жұмыстары жүгізіліп, ел игілігіне ұсынылды. Тиісті жұмыстарға жауапты «Компания Сырым Блеке» ЖШС-нің белгіленген мерзім ішінде құрылыс жұмыстары толықтай аяқтап шықты. Ғимарат ішінде көрермен залы, кітапхана, мәдени үйрімелер бар.

Жаңарып, заманауи келбетке ие болған мәдениет ошағының ашылу салтанатына аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасты.
— Мәдениет ұлттық болмыстың өзегі ретінде саналады. Осы мәдениет үйінің сахнасында елге белгілі талант иелері өнер көрсетті. Қаншама жас осы ауылдан түлеп, елге танылды. Қайта жаңғыртудан өтіп, халыққа ұсынылып отырған мәдениет нысаны әлі талай буынға тағылым беріп, талантын ашсын, — деп жылы лебізін білдірген Нұрбол Әбдімәжитұлы құрылыс жұмыстарының сапасымен танысты.
«Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында дәл осындай құрылыс жұмыстары Ойық ауылындағы мәдениет үйіне де жүргізілді. Жаңарып, заманауи үлгіде қайта ұсынылған мәдениет үйінің ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шараға аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков, аудандық мәслихаттың төрағасы Кадірбек Садубаев қатысып, ақ тілегін білдірді.
Ауыл тұрғындарына ортақ қуанышты бөлісуге келген белгілі композитор, жерлесіміз Сәрсенбек Бәкір және «Талас» триосы өнер көрсетіп, көпшіліктің көңілдерін қанаттандырды.
Сонымен қатар, еңбек ардагерлері Әбілхан Базилов, Доқторбек Сатыбалдиев атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдірсе, мәдениет үйінен құрылған «Халық театрында» талай жыл жұмыс жасап, зейнет демалысына шыққан, қазір жасы 83-ке келген Науат Бейсенбиева алғысын айтып, ән орындап берді.
Мұнан соң Нұрбол Әбдімәжитұлы көрермен залын, вокал кабинетін, цифрландырылған ақпараттық орталықты аралап, құрылыс жұмыстарының сапасына назар аударды.